Беларусьте мобилизация бола ма?
<p style="text-align: justify;">Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдегі жағдайдың өз еліне қаншалықты қатысы барын айтып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Оның айтуынша, елде мобилизация болмайды. Бұл туралы ол журналистермен әңгімелесу барысында айтқан.
Лукашенко теріс ниетті азаматтардың Беларусьтегі жағдайды Ресейге ұқсатуға әуес екенін жеткізген.
«Ешқандай жұмылдыру болмайды. Бұл - өтірік», деп сендірді саясаткер.
Президент сөз арасында мұндай әрекеттер биліктің және күштік құрылымдардың бей-жайлығын байқатпайтынын айта кетті.
Осы мақсатта халық жасақтары әскери дағдыларды меңгеруі үшін әр түрлі оқу-жаттығулар жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды.