Әлем
1 мин оқу 222
Сирия жағалауында 50 мигрант суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Заңсыз мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ливанның көлік министрі Али Хамиенің мәлімдемесіне сүйеніп.</p>
Оның айтуынша, қайғылы оқиға 22 қыркүйекте Сирияның Тартус қаласының жағалауында болған.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 53 адамның мәйіті шығарылып, 19 мигрант құтқарылған. Ливан министрі із-түзсіз жоғалғандар жайлы ақпарат бермеді.
Бөлісу: