Атырау облысында 77 браконьер анықталды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облысының аумағында 10 қыркүйектен 31 қазанға дейін «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық операциясының күзгі кезеңі өткізіледі. Қазірдің өзінде балық аулау ережесін бұзған 77 күдікті анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Операцияға полицейлер, тергеушілер, балық қорындағы қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. 10 күн ішінде балық қорларының заңсыз айналымына байланысты 77 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 74 факт - балық аулау ережелерін бұзу, 3 факт - балық және балық өнімдерін елден тыс жерлерге заңсыз әкету.
Барлығы 77 құқық бұзушы ұсталды, олардан 199 кг балық тәркіленді.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК - нің 383-бабы бойынша (балық аулау ережелерін бұзу) 74 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 адамға қатысты құжаттар сотқа жіберілді», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, Атырау облыстық Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз ауланған балық түрлері мен оның өнімдерін тасымалдау және әкету фактілері бойынша 3 құжат жіберілді. Балықты заңсыз сатып алғаны, сатқаны, сақтағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.