Теннис
1 мин оқу 227

Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды. Есеп – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті. Есеп – 6:4.

Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі. 

Бөлісу:
Александр Бублик Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар