Коронавирус
1 мин оқу 240
COVID-19: Вакцина алғандардың саны артты
<p style="text-align: justify;"> 24 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 10 833 731, ал ІІ компонентін 10 588 948 адам салдырды. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.</p>
Сондай-ақ, «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 239 560, ал ІІ дозасын 1 201 603 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен егілген жасөспірім – 874 775, жүкті әйел – 41 708, бала емізетін әйел – 145 491. Ал, ІІ компонентін салдырған жасөспірім – 860 902, жүкті әйел – 39 648, бала емізетін әйел – 142 085.
Бөлісу: