Әлем
1 мин оқу 230
Қытай орбитаға өз спутниктерін шығарды
<p style="text-align: justify;">Қытай ғарышқа «Шиян-14» және «Шиян-15» спутниктерін сәтті ұшырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жерсеріктерді Бейжің уақытымен таңғы сағат 6:55-те «Куайчжоу-1А» зымыран-тасығышы арқылы ұшырып, көрсетілген орбиталарға сәтті шығарған.
Жерсеріктер Шаньси провинциясында (Солтүстік Қытай) орналасқан Тайюань космодромынан ұшырылды.
Айта кетейік, «Шиян-14» негізінен ғылыми тәжірибелер мен жаңа технологияларды сынау үшін пайдаланылады, ал «Шиян-15» геологиялық барлау, қала құрылысы, апаттардың алдын алу және жою үшін пайдаланылады.
Бөлісу: