Аймақтар
1 мин оқу 380

Әкімді паналаған аққу

<p style="text-align: justify;">Сыңарынан адасқан жалғыз аққу осыдан бі&shy;рер күн бұрын Бейім&shy;бет Майлин ауданына қа&shy;расты Тобыл кенті&shy;нің орталығындағы Тә&shy;уелсіздіктің 30 жыл&shy;дығына арналған аллея&shy;ға келіп қонған. Жа&shy;байы құстың көкке кө&shy;те&shy;ріле алмайтынын көр&shy;ген тұрғындар ауыл әкі&shy;міне хабарлапты.</p>

Әкімді паналаған аққу

– Аққу – киелі құс қой. Қа­на­ты сынған. Бәлкім, адам­дар­ды ес тұтып, көмек сұрап әдейі елді мекенге қонса керек. Осындағы аңшы жігіт екеуміз екі жақтап жүріп ұстап, біздің үйдің аула­сына әкеліп қойдық. Ал­дына су құйып, бидай шашып ем, тәбеті жақсы екен. Бір­ақ қанатын емдеуге менің ши­пагерлік білімім жетпейді. Оның үстіне жаралы құсқа қыс­тап шығатын жылы әрі кең орын тауып, жағдайын жасау керек. Сондықтан емшілік сауаты бар қайырымды бір адам шығып қалар деген үмітпен көпшілікке хабарлап, көмек сұрап жатқан жайым бар, – деді ауыл әкімі Аманжол Есмағамбетов.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Әкімді паналаған аққу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар