Хоккей
1 мин оқу 290
Бүгін «Барыс» «Локомотивпен» кездеседі
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ресейдің Ярославль қаласында Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты өтеді, онда «Локомотив» өз алаңында елордалық «Барыспен» кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Матчтың тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады. Ойын барысын «Qazsport» телеарнасынан бақылауға болады.
10 ойыннан кейін 9 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясының турнир кестесінде 6-шы орынды иеленді.
Соңғы матчта «Барыс» Череповецтің «Северсталіне» 2:5 есебімен ұтылды, ал «Локомотив» өз мұзында Владивостоктан келген «Адмиралды» 2:1 есебімен жеңген еді.
Бөлісу: