Тағайындау
1 мин оқу 443

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Марат Әбуов тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін шетел тілі бакалавры, сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығын бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

1999-2004 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды.

2004-2005 жылдары Қызылқоға аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2005-2008 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары - Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2011-2017 жылдары - Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар