Оқиға
1 мин оқу 200
Ресейдегі әскери комиссариатта атыс болды
<p style="text-align: justify;">Иркутск облысы Усть-Илимск қаласының әскери комиссариатындағы атыс салдарынан әскери комиссар жараланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қару қолданған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 317-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу) және 222 бабы (қаруды, атыс қаруының негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, беру немесе алып жүру) бойынша жазаланады.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған. Күдіктіден жауап алынып, қылмыстың себептері анықталуда.
Бөлісу: