Аймақтар
1 мин оқу 510

Алматыда ірі жол апаты болды

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы&nbsp;Төле би көшесінде бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ЖКО қатысушыларының бірі айтып өткендей, №65 бағдарлы автобус Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Оның алдында Kia Sportage, Kia Optima және «Газель» маркалы автомобильдері болған.

ү

Автобус жүргізушісі Kia Sportage-дің артқы қанатына тиіп, жеңіл көліктің айнасын сындырған. Кейіннен ол Kia Optima-ға соғылған. Аталған көліктің жүргізушісі жол жиегінен ұшып шығып, арық бойына тоқтаған. Артынан автобус жүргізушісі «Газельге» соғылған.

ү

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді тексеріп шықты. 

Қазір жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

г

Бөлісу:
Алматыда ірі жол апаты болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар