Оқиға
1 мин оқу 400

Германия канцлері ауырып қалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Германия канцлері Олаф Шольцтің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Германия министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Хебештрейт канцлердің оқшауланғанын мәлімдеді. 

Шольц осы аптадағы барлық іс-шараларға қатысудан бас тартты. Кеше канцлер Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінде болған сапарынан оралды.

Айта кетейік, канцлер жүргізген келіссөздердің негізгі тақырыбы Германияны газбен қамтамасыз ету болды.

Бөлісу:
Германия канцлері ауырып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар