Елорда
1 мин оқу 260
Астанада жаңа қалалық бағдар іске қосылады
<p style="text-align: justify;">27 қыркүйектен бастап Астанада жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «<a href="https://cts.gov.kz/press-center/news/zha-a-ba-dar-121/">City Transportation Systems</a>»-ке сілтеме жасап.</p>
«27 қыркүйектен бастап жаңа № 121 қалалық бағдар іске қосылады. Жаңа бағдар «Шұбар» шағын ауданынан бастап «Оңтүстік-Шығыс» ТА дейін қатынайды. Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап, таныс бола аласыздар. Жаңа бағдар сіздер үшін ыңғайлы және жайлы болады деген сенімдеміз.
Сәт сапар тілейміз!», делінген хабарламада.

Бөлісу: