Қоғам
1 мин оқу 234

Жыр алыбы дәріптелді

<p style="text-align: justify;">Өткен сенбінің кешінде жыр алыбы Жамбылдың рухы аспандап берді. Ас&shy;тана төрінде. Дәлірек айт&shy;&shy;қанда, Тәшенов кө&shy;ше&shy;сінің бойындағы Жамбыл Жабаев ес&shy;керт&shy;кішінің ал&shy;дында рес&shy;публикалық &laquo;Күй анасы&raquo; қорының ұй&shy;ым&shy;дас&shy;тыруымен ақын шы&shy;ғармашылығына ар&shy;налған V &laquo;Жыр мен күй жәр&shy;&shy;меңкесі&raquo; өтті. Он&shy;да жас жеткіншектер Жам&shy;был жыр&shy;ларын оқып, күй шертті.</p>

Жыр алыбы дәріптелді

Республикалық «Күй ана­­сы» қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев сөз сөйлеп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жамбылтанушы Уәлихан Қалижан «Жамбылға жаңа көзқарас» атты баянда­ма жасады. Халықаралық және республикалық конкурс­тардың лауреаты Құрман Бай­­тас Жамбыл атамыздың «Тө­гейін жырды халқыма» деген толғауын орындады.

Жәрмеңкенің бір ерек­шелігі – домбыраға әуестігі бар өнерлі балаға ата-анасы немесе қор өкілдерінің ел алдында домбыра сыйлауы. Бұл жолы бес балаға үкілі домбыра табысталды. Сондай балаларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші Орынбай Дүйсен бата берді.

Оқушылар Жамбыл Жа­баевтың өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін­д­е оқыды. Ақын шығар­ма­шы­лығы насихатталып, бас­қа да күйшілердің күйлері орындалған іс-шара байқау тү­рінде өтті. Оқушылар бірі­нен бірі өтіп күй тартты. Ал­дыңғы орыннан көрінген ба­лаларға үкілі домбыра, кі­таптар берілді.

Кеш барысында сөз сөйле­ген «Күй анасы» қорының же­тек­шісі Төлеген Қуанышев іс-шараға ұйытқы болған қа­ла­лық қоғамдық кеңеске, Бай­­қо­ңыр ауданының әкім­дігіне, Қазақ Ұлттық өнер уни­верситетіне алғыс білдірді.

Бөлісу:
Жыр алыбы дәріптелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар