Қоғам
2 мин оқу 570

Сәкеннің SMart мектебі

<p style="text-align: justify;">Қарағанды қаласының қақ ортасындағы жаңа бір өнер мектебі Арқаның дүлдүлі мен бұлбұлын танытуға үлес қосатын болады. Бұл SMart өнер мектебін әнші Сәкен Майғазиев ашты.</p>

Сәкеннің SMart мектебі

Бір ай бұрын жұмысын бастаған өнер мектебінде үмі­тін үкілеген 100-ден астам талапты бала бар. Домбыра, флейта, қобыз, жетіген, сурет, вокал мен актерлік шеберлік сынды бірқатар үйірмеде кішкентай қарағандылықтар өнердегі таланттарын ұштап, қанаттарын қатайтады. Үйір­меде 6 және 16 жас аралы­ғын­дағы балалар дәріс алып жүр. Бүгінде өнер мектебі Тараз, Алматы, Қызылорда мен Шым­­кент қаласында бар бол­­са, келешекте филиалды әр қа­­ладан ашу жоспарда бар.

– Киелі Сарыарқа елінен «сен тұр, мен атайын» дейтін небір жүйріктер шыққан. Кү­міскөмей әншілер, жез­таңдай жыршыларымыз жетерлік. Әр елдің, ұлттың тілі, діні, ділі, өз салт-дәстүрі бар. Онсыз ұлт болу мүмкін емес. Сонау жыл­­­­­дары Алматыда үлкен тұр­­­­ғын үй кешенінде тұрдым. Сон­да түрлі балаларды көр­дім. Қа­зақылығымызға, дәс­тү­рі­мізге жат дүниелерді көр­­­­дім. Жүрегім сыздады. Олар­­ға тоқпақпен үйрете ал­май­­­ты­нымызға көзім жетті. Тек ұр­­пақты ұлттық өнерге бау­лу ар­қылы же­­ңе­тінімізді түйсін­дім де осы мектепті ашуды ұй­­ғар­­­­дым, – дейді Сәкен Май­ға­зиев.

Мектептегі үйірмелер құ­ны қарапайым тұрғын­дар­дың қалтасына жеңіл, ойға да қо­нымды.

– Қарағанды өңірінде бұл – жаңалық. Әннің естісін айтатын, сахна өнерінің мә­де­ниетін танытатын, өнер­дің биіктігін көрсететін қа­зақтың, Алаштың бір ұлы – Сәкен Майғазиев. Сәкен мектебі – дәстүрлі әндерді на­си­хаттайтын мектеп боларына кәміл сенімдімін, – дейді Кеншілер мәдениет сарайының басшысы Жа­ролла Ақышев.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

«Egemen Qazaqstan» 

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Сәкеннің SMart мектебі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар