Спорт
1 мин оқу 180

Әлем кубогінде олжалы болды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Францияның бас шаһары &ndash; Парижде спорттық гимнастикадан Әлем кубо&shy;гінің 4-кезеңі мәресіне жетті. Екі жылдан кейін Олимпия ойындарын қабылдайтын сарайдың бірінде өткен бә&shy;секеде &laquo;сен тұр, мен атайын&raquo; деген тә&shy;&shy;жі&shy;рибелі гимнастар шеберлік бай&shy;қасты.</p>

Әлем кубогінде олжалы болды

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша атта өнер көрсету бағдар­ламасында қазақстандық Нариман Құрбанов күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз бұл жаттығуда 14.450 ұпай жинады. Оның алдын Рис Мак Ленаган (15.100) орап кетсе, Қытай Тайпэйінің өкілі Шао Ю Ян (14.350 ұпай) қола медальға қол жеткізді.

Жалпы, биылғы Әлем кубогі 6 кезеңнен тұрады. Қалған жарыстар 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Мажарстанның Сом­батхей қаласы мен 7-9 қазанда Түр­кияның Мерсин қаласында өтеді. Кейіннен әлемнің таңдаулы атлеттері 29 қазанда Ан­глияның Ливерпулінде басталатын әлем чемпионатына дайындалады.

Бөлісу:
Әлем кубогінде олжалы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар