Қазақстан
2 мин оқу 530

Цифрлық таңбалау жүйесі

<p style="text-align: justify;">Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, темекі бұйымдарының бөлшек сау&shy;дасымен айналысатын қазақстандық бизнесмендерге арналып Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Жалпы, осындай семинарларды Қазақстанның тағы 15 қаласында өткізу жоспарланып отыр.</p>

Цифрлық таңбалау жүйесі

Семинар-тренинг барысында кә­сіпкерлер Naqty Sauda Akt және Naqty Sauda Kassa мобильді қосым­шаларымен жұмыс істеуге үйреніп, өнімді цифрлық таңбалау жүйесі туралы толығырақ ақ­парат алды.

ЕАЭО елдерінде, оның ішінде Қазақ­станда да, цифрлық таңбалау екі өл­шемді Data Matrix коды арқылы жү­зеге асырылады. Кәсіпкерлер оны өнім орамына басып шығарады, ал тұты­нушылар оны арнайы қолданба арқылы сканерлей алады.

Цифрлық таңбалау экожүйесінде жалпы үш мобильді қосымша бар:

  • Naqty Onim тұтынушыға таңба­ланған өнім туралы барлық ақпаратты білуге мүмкіндік береді;
  • Naqty Sauda Kassa 2D сканерін сатып алу мүмкіндігі жоқ бөлшек саудагерлерге арналған;
  • Naqty Sauda Akt қабылдау-тапсыру актілерін растауға немесе қабылдамауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ семинар қатысушы­ларына «Автоматты түрде кәдеге жарату» сервисі ұсынылды, оның көмегімен кәсіпкерлер «Темекі өнімдері» өнім тобында таңбалау кодтарын автоматты түрде кәдеге жарату ар­қылы жеңіл­де­тілген функция арқылы қа­былдау және тапсыру актілерін растай­ды.

«Әр кәсіпкердің жаңартылған Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасының бар­лық нұсқаларына қол жеткізе оты­рып, өнімді таңбалаудың маңыз­дылығын және оның контрафактілік өніммен күрестегі рөлін түсінуі өте маңызды. Біз тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіндегі жұмыстың әрбір кезеңін жақсартуға тырысамыз. Биз­неспен байланыс арналарын көбейттік: тәулік бойы жұмыс істей­тін сенім телефоны бар, вебинарлар, кездесулер, ақпараттық турлар өткі­земіз. Нарық қатысушыларымен бірлесе отырып, тауарларды цифрлық таңба­лауға қатысты әр мәселені егжей-тег­жейлі пысықтап жатыр­мыз», деді өнім тобының жоба менед­жері Лейла Мұстафина.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнім­дерін сәйкестендіру үшін бұрын қол­данылған акциздік таңбаның функциясын толығымен ауыстырды. Енді цифр­лық таң­балау коды жоқ темекі өнім­дерінің айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлердің тауарлары тәркіленіп, лицензиясынан айырылып, айыппұл төлеуге міндетті болады.

«Барлық темекі өнімі арнайы код түріндегі сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады. Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау алынып тасталды. Осыған байланысты Қа­зақ­стан Республикасына тасымалда­натын барлық темекі өнімі тек сәй­­кестендіру құралдарымен таң­бала­на­ды», деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік басқар­масы­ның акциздік салық басқармасының басшысы Ержан Шүлембеков.

Биыл тамыз айында Қазақстанға таңбаланбаған 4 млн қораптан астам темекі заңсыз әкелінген. Аталған бұзу­шы­лықтар бойынша бюджетке төле­нетін кедендік төлемдер, салық пен ак­циз­дердің сомасы 1,2 млрд теңгені құрады.

Бөлісу:
Цифрлық таңбалау жүйесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар