Әлем
1 мин оқу 421
Канада Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялайды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Оттавада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Біз Ирандағы жеке және заңды тұлғаларға санкциялар саламыз. Бұл Иранға қарсы қазірдің өзінде қолданылып жүрген шараларға қосымша ретінде жасалады», деді Трюдо.
Канада премьер-министрі Иранның адам құқықтарын үнемі бұзатынын, соның ішінде наразылық шерулерін басуға тырысатынын атап өтті.
«Мен Иранда наразылық білдірген халыққа қолдау білдіретінімізді жеткізгім келеді», деді Канада үкіметінің басшысы.
Бөлісу: