Голубев-Недовесов жұбы Болгариядағы жарыстың ширек финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында София (Болгария) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ktf.kz/press-center/news/?id=7273">Қазақстан теннис федерасциясына</a> сілтеме жасап.</p>
«Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін нидерландық Робин Хасе мен аустриялық Филипп Освальдке қарсы өткізді. Голубев пен Недовесов қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Олар бір жарым сағатқа жуық созылған бәсеке барысында 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды», деп жазылған хабарламада.
Енді қазақстандық жұп жартылай финал жолдамасын жарыстың 4-ракеткалары, монаколық Хьюго Нис – поляктық Ян Зелински немесе америкалық Хунтер Рис – Польшаның тағы бір өкілі Шимон Валков жұптарының қай жеңгенімен сарапқа салады.