Әлемдік ІТ нарыққа 100 миллион маман керек – Президент
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумының ашылуында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе беретінін айтты.
«Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық», деді Мемлекет басшысы.