Президент
1 мин оқу 312

Президент елдің цифрлық трансформациясындағы басымдықтарын атады

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев&nbsp;&laquo;Digital Bridge 2022&raquo; халықаралық технологиялық форумында Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел Президентінің айтуынша, жаңа идеялар мен серпінді жобалар тек еркін әрі үйлесімді қоғамда ғана пайда бола алады.

«Сондықтан, елді ауқымды жаңғырту шеңберінде біз әділетті Қазақстанды – баршаға тең мүмкіндіктер мемлекетін құруды көздеп отырмыз. Заманауи диджитал-номадтар жаһандық кибер және физикалық кеңістікті белсенді игеруде, жаңа өнімдер мен нарықтар құруда. Қазіргі заманғы ақпараттық өркениет әр адамның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады. Олар:

  • Адамға бағдарланған қызметті дамыту.
  • IT-сала үшін қолайлы жағдай жасау.
  • IT-инфрақұрылымды кең көлемде модернизациялау.
  • Цифрлық экономиканы және Индустрия 4.0-ді дамыту.
  • Адам капиталын нығайту.
Бөлісу:
Президент елдің цифрлық трансформациясындағы басымдықтарын атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар