Қазақстан
1 мин оқу 800

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде қанша күн демалады?

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілетінін нақтылады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бұл мерекеге тек бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Бұл туралы министрліктің отандық БАҚ-тың сауалына берген жауабында айтылған.
 
Айта кетсек, қазанның 25-ші жұлдызында қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Бұл мерекеге орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады. Мұндағы демалыс күні 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылатыны хабарланған еді. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.
Бөлісу:
Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде қанша күн демалады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар