Барлық міндеттер «алашапқынсыз» шешілуі тиіс - Президент
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет екенін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Барлық міндеттер тез, әуре-сарсаңсыз, жауапкершілікті бір-біріне сілтейтін ведомстволар арасындағы «алашапқынсыз» шешілуге тиіс. Бастысы – нақты белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Ол үшін жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет», деді Мемлекет басшысы.
Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.
«Биыл қараша айына дейін Үкімет қаулысымен аталған ұлттық жобаларды және қажетті нормативтік актілерді бекітуді, сондай-ақ жыл соңына дейін осындай жаңа форматта әзірленетін қосымша ұлттық жобалардың тізбесін анықтауды тапсырамын», деді Президент.