Білім
1 мин оқу 540

«Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасының тиімділігі неде

<p style="text-align: justify;">Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде &laquo;Жайлы мектеп&raquo; жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президенттің баспасөз қызметі мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылатынын хабарлады. Сондай-ақ аталған жоба жайлы жан-жақты ақпаратпен бөлісті. 

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу; 

мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету;

оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау;

білім беру қызметінің сапасын арттыру. 

САЛА ҮШІН ТИІМДІЛІГІ 

үш ауысымды және апатты мектептерді жою;

білім сапасына қатысты алшақтық факторларын жою (қалалық/ауылдық);

білім беру ортасының жаңа стандарттарын енгізу. 

ӘКІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР: 

мектеп салуға жер телімдерін беру;

инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салу, қоғамдық көлік бағыттарын анықтау және т.б. жұмыстарды жүргізу;

Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және мектептерді иелікке алу;

мектепті пайдалануға берудің бекітілген жоспарын уақытылы  орындау;

Жобаны іске асырудың алғашқы жылында оқушы орны тапшы аймақтарда мектептер салуды қамтамасыз ету.

Бөлісу: