Қазақстан
1 мин оқу 310
Президентке мал дәрігерлерінің мобильді қосымшасы таныстырылды
<p style="text-align: justify;">Digital Bridge технологиялық форумының аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа VetMobile мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен әзірленген қосымша төрт түлік туралы ветеринарлық деректердің қалыптасу және деректерді алмасу процесін толық цифрлық форматқа көшіріп, мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетеді», деп жазылған хабарламада.
Бөлісу: