Шекарадағы қазақстандықтар үшін «жасыл дәліздер» құрылады
<p style="text-align: justify;">Елімізге Ресей азаматтарының жаппай келуіне байланысты шекарада қалып қойған қазақстандықтар үшін «жасыл дәліздер» жасалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Кеше мен Ресей Федерациясының вице-премьерімен келіссөздер жүргіздім, себебі шекараның арғы жағында ресейліктермен қатар Қазақстан азаматтары да елге кіре алмай тұр. Азық-түлік тиелген жүк көліктері де бар. Ресейлік әріптесім тиісті жағдай жасады, бүгін шекара қызметтері бір-бірімен сөйлеседі. Біз ең алдымен өз азаматтарымыз бен азық-түлік машиналары үшін «жасыл дәліздерді» қамтамасыз етуге тырысамыз», деп жауап берді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысындағы журналистердің сұрақтарына.
Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде «жасыл дәліздерді» 29-30 қыркүйек аралығында ұйымдастыру жоспарлануда.