Аймақтар
1 мин оқу 210

Ауласында қарасора өсірген Риддер тұрғыны ұсталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ауласында жеті келіден астам қарасора өсірген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Риддер қаласының қылмыстық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің ауласынан өсімдіктің 67 бұтасы табылды. Бұл салмағы 7 мың 350 граммды құрайтын қарасора болып шықты.

35 жастағы үй иесі түсіндіргендей, ол есірткі заттарын жеке пайдалану үшін өсірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Ауласында қарасора өсірген Риддер тұрғыны ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар