Ауа райы
1 мин оқу 172
Еліміздің үш облысында көктайғақ күтіледі
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның үш облысында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
30 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Бөлісу: