Әлем
1 мин оқу 260
Садыр Жапаров Түркияға жұмыс сапарымен барды
<p style="text-align: justify;">Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласына барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы 29 қыркүйекте Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Аталған сайыста күрес, ат спорты және садақ ату жарыстары ұйымдастырылады.
Айта кетейік, ойындарға 102 елден келген 3 мыңнан астам спортшы қатысады.
Бөлісу: