Аймақтар
1 мин оқу 220
Абай облысында 62 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды», деді Қ.Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл жұмыс одан әрі жалғасады.
Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.
Бөлісу: