Президент
1 мин оқу 1,602

Президент Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы&nbsp;Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды және&nbsp;инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті. Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Бөлісу:
Президент Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар