Президент
1 мин оқу 390

Абай облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Абай&nbsp; облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;

«Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;

«Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.

Бөлісу:
Абай облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар