Мейірім Нұрсұлтанов Аргентиналық боксшыны жеңді
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/chempion-wbo-izkazahstana-pobil-ujasnogo-boksera-izaschitil-titul">Sports.kz-ке</a> сілтеме жасап. </p>
Ол «қорқынышты» лақап аты бар аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен (31-4-1, 17 КО) титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Жекпе-жек бірауыздан қабылданған шешім бойынша қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Марсело Эстебан Косерес бесінші рет жеңіліске ұшырады.