Теннис
1 мин оқу 202

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Өзбекстан өкілдерін ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өзбекстан теннисшілері қазақстандық Денис Жолудев, Кирилл Герасименко және Алан Құрманғалиевтен ұтылды. Есеп - 3:0.

Денис Жолудев - Абдулазиз Анорбоев– 3:0 (11:6, 11:6, 11:8).

Кирилл Герасименко - Шохрух Искандаров– 3:0 (11:2, 11:6, 11:8).

Алан Құрманғалиев - Эльмурод Холиков– 3:0 (11:5, 11:2, 12:10).

2022 жылғы Әлем чемпионатының үш турынан кейін Қазақстан теннисшілері турнир кестесінде төртінші орынға шықты. Кесте бойынша Франция, Үндістан және Германия алдыңғы қатарда тұр.

Қазақстан құрамасы 3 қазанда Үндістан спортшыларымен бақ сынасады.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар