Спорт
1 мин оқу 255

Әлем кубогында топ жарды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Мажарстанның Самботхей қаласында мәресіне жеткен спорттық гимнасти&shy;кадан бесінші Әлем кубогында қазақ&shy;стандық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.</p>

Әлем кубогында топ жарды

Осыдан бірер апта бұрын Францияның бас шаһары – Парижде ұйымдастырылған Әлем кубогының төртінші кезеңінде күміспен күп­телген отандасымыз Нариман Құрбанов бұл жолы тұғырдың ең биік сатысынан көрініп, Мажарстан төрінде Қазақстанның Әнұранын шырқатты. Ол Самботхейдегі бесінші кезеңде атта өнер көрсету бағдарламасында чемпион атанды. Қытай Тайпэйінің өкілі екінші орынға ие болса, жапон спортшысы үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетіп жатқан тағы бір жерлесіміз Милад Карими еркін жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Самботхей қаласында өткен Әлем кубогы жолындағы жарыста 27 елдің спортшылары 30 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бұл қатарда Олимпиада мен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Енді Әлем кубогының соңғы, алтыншы кезеңі 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Кейіннен гимнасттар 29 қазанда Англияда басталатын әлем чемпионатына қатысады.

Бөлісу:
Әлем кубогында топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар