Бразилияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
<p style="text-align: justify;">Сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жету үшін кандидаттар 50%-дан астам ұпай жинау керек еді. Алайда үміткерлердің ешқайсысы бұл көрсеткіштен аса алған жоқ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Енді бразилиялықтар ел президентін сайлаудың екінші кезеңінде анықтайды, оған Джаир Болсонаро мен Луис Инасиу Лула да Силва шықты. Бұл туралы РИА Новости хабар таратты.
Бразилиядағы алғашқы дауыс беру туры 2 қазанда өтті. Екінші тур 30 қазанға жоспарланған.
Қазіргі уақытта бюллетеньдердің 97,45%-ы есептелді, алда 47,93% жинаған Бразилияның экс-президенті Луис Инасиу Лула да Силва келе жатыр, одан кейін қазіргі мемлекет басшысы Джаир Болсонаро 43,63%-дық дауыспен екінші орында келеді.
Бірінші турда жеңіске жету үшін 50%-дан астам ұпай жинау қажет болған.
Кандидаттардың қалған бөлігі артта қалды, олардың көпшілігі сайлаушылар қолдауының бір пайызын да ала алмады.