Үндістанда жол апатынан 26 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында трактор аударылып, тоғанға түсіп кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%B2-%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D0%B8%D0%B8-%D0%B2-%D0%B4%D1%82%D0%BF-%D1%81-%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BC-%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8-26-%D1%87%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BA/2700540">Анадолы</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Салдарынан 26 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.
Полиция өкілі Теж Сваруп Сингхтің айтуынша, трактор жергілікті ғибадатханадағы діни рәсімнен кейін үйлеріне қайтып келе жатқан 40-қа жуық адамды тіркемемен тасымалдаған.
Биліктің хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі әйелдер мен балалар.
Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш астанасы Лакхнау қаласынан 100 шақырымдай жерде орналасқан Канпур-Нагар ауданындағы қалалық және муниципалды кеңес Гатампурда болды.
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себептері анықталуда.