Елорда
1 мин оқу 600

«Астана Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы өседі

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов&nbsp;&laquo;Астана Тазалық&raquo;&nbsp;компаниясын 14-жылдығымен құттықтап, қызметкерлерін жағымды жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала басшысының <a href="https://www.instagram.com/reel/CjLT6VAD0OS/?igshid=MDE2OWE1N2Q%3D" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Instagram </a>парақшасына сілтеме жасап.</p>

«Астана Тазалық» қызметкерлерін компанияның 14 жылдығымен құттықтадым. Біздің коммуналдық қызметтер күндіз де, түнде де, кез-келген ауа-райында жұмысын тоқтатпайды. Олардың қажырлы және жауапты жұмысының арқасында қалада тәртіп пен тазалық сақталады. Коммуналдық қызметкерлер қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істейді», деп жазды Астана әкімі.

е

Әкім компания қызметкерлері үшін қолайлы жағдайды жақсарту бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, үш жыл ішінде 300-ден астам арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды, осылайша елордалық автопарк айтарлықтай жаңарып, кеңейтілді.

«Жүйелі негізде жалақыны арттырамыз. Мысалы, осы жылдың қараша айынан бастап жол жұмысшылары мен жүргізушілердің жалақысын 20%-ға арттырамыз (бұрын жалақы басқа санаттар үшін де көтерілген). Сыйақылар, соның ішінде мереке күндеріне енгізілді. Бірақ бұл да жеткіліксіз. Біз жағдай жасау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз, соның ішінде коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтереміз», делінген әкім хабарламасында.

е

Кездесу соңында Алтай Көлгінов компания қызметкерлін құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғысын айтты.

«Біздің коммуналдық қызметкерлерге алғысымды білдіремін! Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз», деді әкім.

е

Бөлісу:
«Астана Тазалық» қызметкерлерінің жалақысы өседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар