Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне себепкер болу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
«Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.