Қаржы
1 мин оқу 230

Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,51 теңгені құрап, 1,02 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8,20 теңгеге (-0,10) дейін төмендеді.

Юань және еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк Қытай юанінің бағамын 670,1 теңгеге, еуро бағамын – 467,03 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңгеден, еуро – 490-497 теңгеден, рубль - 7,3-7,7 теңгеден сатып алынады/сатылады.

Сонымен қатар 3 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Brent мұнай фьючерстерінің құны 2,53%-ға өсіп, барреліне 87,29 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 2,62%-ға көтеріліп, барреліне 81,57 долларға жетті.

Бөлісу:
Күндізгі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар