Әлем
1 мин оқу 160

Чехия билігі азаматтарын Ресейден кетуге шақырды

<p style="text-align: justify;">Чехияның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қалған республика азаматтарын қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты елден кетуге шақырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%BC%D0%B8%D0%B4-%D1%87%D0%B5%D1%85%D0%B8%D0%B8-%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%B2%D0%B0%D0%BB-%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B4%D0%B0%D0%BD-%D0%BF%D0%BE%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D1%83%D1%82%D1%8C-%D1%80%D0%BE%D1%81%D1%81%D0%B8%D1%8E/2701479" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Анадолы</a> агенттігіне&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Тиісті құжат ведомствоның сайтында жарияланды.

«Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясында қалған Чехия азаматтарын елден кетуге шақырады», делінген құжатта.

Министрлік республика тұрғындарын Ресей Федерациясының аумағына барудан бас тартуды қатаң ескертеді.

Сондай-ақ ведомство Ресей мен Еуроодақ мемлекеттері арасындағы шиеленіскен қатынастарға байланысты Мәскеудегі Чехия елшілігінің жұмысында шектеулер болуы мүмкін екенін қоса хабарлады.

Бөлісу:
Чехия билігі азаматтарын Ресейден кетуге шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар