Заңғар жазушыға бюст орнатылды
<p style="text-align: justify;">Заманымыздың заңғар жазушысы Мұх­тар Әуезовтің туғанына 28 қыр­күйекте 125 жыл толды. Тап осы күні Қа­рағанды шаһарында дара тұлғаның бюсті ашылды. Ав­торы – мү­сінші Ербосын Ба­ғыбаев. Мү­сінші бюсті бір айға жуық уақыт жасапты.</p>

Бюстің биіктігі тұғырымен қоса алғанда 2,5 жарым метр. Ербосын Бағыбаевтың айтуынша, бұл ұлы тұлғалардың бюстін жасаудағы бесінші туындысы. Мұның алдында Қалибек Қуанышбаев, Әзірбайжан Мәмбетов, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабай Шаяхметовтердің бейнесін мүсіндепті.
– Бюст жасауға ұсыныс түскенде, қуандым. Ұлы адамның мүсінін жасау мен үшін үлкен мәртебе. Оңай болды демеймін. Әсіресе жазушының көз жанарын жасау, сол арқылы болмысын таныту қажет еді. Көп іздендім, біраз фотосуреттерін зерделедім, – дейді мүсінші.
Алғашында саздан сомдалып, одан соң бетонға құйылған мүсіннің сырты қоламен боялған. Тұғыры – керамогранит.
ҚАРАҒАНДЫ