Хоккей
1 мин оқу 164

Овертаймда жеңді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жатқан елорданың &laquo;Ба&shy;рысы&raquo; сырт айдындағы жеңісті жолын Қазақстанда да жалғастырды.</p>

Овертаймда жеңді

Қыркүйектің соңында Ярославль пен Мәскеуге сапар шегіп, «Локомотивті» бул­литте тізе бүктіріп (1:0), «Спартакты» не­гізгі уа­қытта сан соқтырған (3:1) «Барыс» енді, міне, елордадағы бәсекеде «Сочиді» сүрін­дірді. «Батыс» конференциясында соңғы орындардың бірінде келе жатқан ресейлік команда «Барыс Аренадағы» матчтың ал­ғашқы кезеңінде «ә» дегеннен есепте алға шықты. Никита Зоркин мен Никита Пив­цакиннің соққан шайбаларына екінші кезеңде «Барыс» ойыншылары үш шайбамен жа­уап қайтарып, таразы басын өздеріне аударды. Голдың авторлары – Антон Сагадеев, Джереми Бракко және Энтони Луис. Алайда жергілікті жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа со­зылмады. Екінші кезең аяқталар тұста Ни­кита Попугаев сегіз минутта дубльдің авторы атанып, «Сочиге» қайта басымдық сыйлады – 3:4.

Үшінші кезеңде Линден Вей есепті қайта теңестіріп, ойынды овертаймға ұластырды. Қосымша уақытта Вей тағы да мергендігімен көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды – 5:4. Жер­лестеріміз келесі кездесуін бүгін Ниж­некамскінің «Нефтехимигімен» өткізеді.

Бөлісу:
Овертаймда жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар