Сомалиде жарылыс болды
<p style="text-align: justify;">Дүйсенбі күні Сомали орталығындағы Хиран провинциясында болған үш жарылыстан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Анадолы <a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B2%D0%B0%D0%BC%D0%B8-%D1%81%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B8-%D0%B2%D0%B7%D1%80%D1%8B%D0%B2%D0%BE%D0%B2-%D0%B2-%D1%81%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B8-%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8-12-%D1%87%D0%B5%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%BA-/2701636">агенттігіне</a> сілтеме жасап.</p>
Бұл туралы провинция губернаторы Али Джейте Осман мәлімдеген. Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару орталығына шабуыл жасалған.
Жанкештілер ғимараттың жанында бомба орнатылған көлікті жарып жіберген. Шабуыл құрбандарының арасында Хиршабель провинциясының денсаулық сақтау министрі мен Хиран вице-губернаторы да бар.