Ауа райы
1 мин оқу 120

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 4 қазанда Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазгидрометке сілтеме жасап.</p>

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Ал, бүгін түнде Қызылорда облысының солтүстігінде опырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.

Атырау облысында да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірдің оңтүстік-шығысынан соққан желдің  екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түркістан облысының солтүстігіндегі таулы аудандарында секундына 15-20 метр болатынжел күтіледі. Бұл облыста да түнгде 2 градусқа дейінгі үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетпек.

Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус аяз күтіледі.

Ақтөбеде түнде 1-3 градус көлемінде үсік күтіледі.

Бөлісу:
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар