Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 306

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">12 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1,14 КО) кездеседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жететініне қазірден-ақ сенімді. Ол жекпе-жек алдында әлеуметтік желі көмегімен мәлімдеме жасады. 

«Вегаста кездескенше! Көзілдірік таға кел, өйткені мен рингте жарқырайтын боламын», деп жазды кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында. 

Еске салсақ, орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке ша­қырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар