Референдумда үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда өткен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға бұрын бөлінген 16,5 млрд теңгенің 1,6 млрд теңгесін республикалық бюджетке қайтарып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР ОСК сайтындағы жарияланымда көрсетілгендей, қаражат Мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысқа нақты шығуы есебінен үнемделді.
5 маусымда ел Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткен еді. 7 маусымда референдум қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының деректеріне сәйкес, дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық немесе 68,05% қатысты. Дауыс беру 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.
8 маусымда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді.