Спорт
1 мин оқу 261

Футзалдан Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тізімге 16 ойыншы енді. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алмады. 

Назарларыңызға футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Астана»), Серік Мәжитов («Байтерек»).

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді. Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады.

Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар