Теннис
2 мин оқу 94

Үздіктер іріктелген турнир

<p style="text-align: justify;">Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен халықаралық Astana Open ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңдері аса тартысты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы жарыстардың жеңімпазы, әлемдік рейтингте алдыңғы орында тұрған тәжірибелі теннисшілер жарыс жолынан шығып қалса, кеше әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас еліне аттанып кетті.</p>

Үздіктер іріктелген турнир

Жарыстың алғашқы күнінде «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде қатарынан үш жыл (2014, 2015, 2016) топ жарған швейцариялық Стэн Вавринка, былтырғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері ресейлік Аслан Карацев, со­нымен қатар әлемдік рейтингте 13-орын­да тұрған канадалық Феликс Оже-Альяс­сим да күтпеген жерде қарсы­ластарына жол берді.

Биыл ақпанда Роттердамда (Нидер­ланд) өткен ATP 500 турнирінің финалында әлемнің алтыншы ракеткасы гре­­киялық Стефанос Циципасты тізе бүк­тіріп, жарыс жеңімпазы атанған 22 жас­тағы Оже-Альяссимнің шамасы бұл жолы 34 жастағы испаниялық тәжі­рибелі теннисші Роберто Баутиста-Агутқа (АТР 21) жетпеді. Бірінші сетте Роберто 6:4 есебі­мен басым түскенімен, Феликс екінші сетте біраз қарсыласып бақты. Кана­далықтың екі геймде брейк жасап, бұл сетті өз пайдасына аяқтайтын тамаша мүм­кіндігі болған еді. Алайда Ро­берто есеп 6:6 болған кезде тай-брейк­ті тиімді пай­­даланып, келесі кезеңге жол­дама алды – 7:6.

Бірінші күннің кешкі сессиясында өнер көрсеткен ресейлік Андрей Рублёв (9) сербиялық Ласло Джерені (76) екі сетте 6:4, 6:3 есебімен еш қиындықсыз тізе бүктірді. Бұған дейін теннисшілер корт­та төрт мәрте кездесіп, үшеуінде Ан­дрей Рублёв басым түскен.

Жарыстың екінші күнінде де бірқа­тар тартысты кездесулер өтті. Ойын күнін ресейлік Карен Хачанов (18) пен америкалық Максим Кресси (32) ашып берді. Екі теннисші арасындағы алғашқы кездесуде Хачановтың мерейі үстем болды – 6:4, 7:4. Сондай-ақ тағы бір ресейлік Павел Котов 23 жастағы испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаны (31) екі сетте – 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Өкінішке қарай, Astana Open тур­ниріне арнайы шақырту алған қазақ­стандық Михаил Кукушкин былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының финалисі гре­киялық Стефанос Циципастан қата­ры­нан бесінші матчта жеңіліп қалды – 3:6, 4:6. Сондай-ақ екінші күннің түскі сес­сиясында кортқа шыққан италиялық Лю­ка Нарди (156) ресейлік Александр Шев­ченконы (146) екі сетте – 7:6, 6:2 есе­­бімен жеңіп, екінші айналымға шық­ты.

Бұл күні жанкүйерлер испаниялық жас талантты теннисші Карлос Аль­карас­тың өнерін асыға күткен еді. Алай­да әлемнің мақтаулы теннисшісі ал­ғаш­қы айналымда күтпеген жерде бель­гиялық Давид Гоф­феннен екі сетте (7:5, 6:3) жеңіліп қалды. Негізі бұл матч­та Гоффеннің орнына да­ния­лық Хольгер Руне ойнауы керек еді. Бірақ 19 жастағы да­ниялық теннисші жа­рақатына байланысты Астанадағы турнирге қатысудан бас тартты да, оның ор­нына іріктеу сайыс­тарының фи­налында же­ңілген бель­гиялық Давид Гоффен шықты. Сөйтіп, іріктеу кезеңінен өте ал­маған теннисші әлемнің бірінші ракетка­сын жеңіп, сенсация демесек те үлкен ер­лік жасады.

Бөлісу:
Үздіктер іріктелген турнир · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар