Қоғам
1 мин оқу 810

Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Жигули Дайрабаев кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«5 қазанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Дайрабаев Жигули Молдақалықұлының құжаттары ұсынылды», делінген хабарламада.

4 қазанда Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.

Бөлісу:
Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар